19.04.2026 22:50
«Бавария» Германияның 35 дүркін чемпионы атанды
19.04.2026 22:50
Германия Бундеслигасының 30-турында «Бавария» өз алаңында «Штутгартты» 4:2 есебімен тізе бүктірді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде алаң иелерінің сапында Рафаэл Геррейру, Николас Джексон, Альфонсо Дэвис және Харри Кейн гол соқты.
Осылайша Венсан Компани шәкірттері мезгілінен бұрын Германия чемпионы атанып қойды. Енді қалған төрт турда жеңілсе де, бірінші орыннан түспейді.
Мюнхеннің клубы осымен 35-рет чемпионат трофейін қанжығасына байлады.