20.04.2026 08:19

Альварес «Барселонаны» таңдады

20.04.2026 08:19

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес клуб ауыстыруға жақын

Фернандо Полоның хабарлауынша, оған «Барселона», «Атлетико» және ПСЖ қызығушылық танытуда. Хулианның өзі Каталонияның клубына қосылуға дайын екен. «Барселона» өкілдері Альвареспен келісетініне кәміл сенеді, бірақ «Атлетиконы» көндіру қиынға соғайын деп тұр.

Альварес Мадрид клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 47 матчта 19 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оны 90 миллион еуроға бағалайды, ал келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram