20.04.2026 10:41

Винисиус «Реалда» қалады

20.04.2026 10:41

«Реал» вингері Винисиус Жуниор клубта қалады

AS хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзартуға жақын. «Бланкос» Әлем чемпионатына дейін жаңа құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.

25 жастағы бразилиялық ойыншы Мадрид клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 47 матчта 17 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram