20.04.2026 14:10

Opta АПЛ фаворитін атады

20.04.2026 14:10

Ағылшын Премьер-лигасының чемпионы атануға басты үміткер клуб белгілі болды

Opta пайымдауынша, «Арсеналдың» топ жару мүмкіндігі 73,04%-ды құрайды. Ал «Манчестер Сити» чемпион атанады дегенге 26,96% беріп тұр. Қалған командалар трофейден үмітін үзген.

Кеше 33-турдағы орталық матчта «Манчестер Сити» өз алаңында «Арсеналды» 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі аралықты үш ұпайға дейін қысқартқан еді. Осылайша «қалалықтар» 67-ұпайын еншілеп, 70 ұпаймен көш бастап тұрған «Арсеналды» өкшелеп келеді. Айта кету керек, Пеп Гвардиола шәкірттерінің еншісінде кейінге шегерілген бір ойын бар.

Келесі турда «қалалықтар» «Бёрнлиге» қонаққа барады, ал «зеңбірекшілер» «Ньюкаслды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram