20.04.2026 17:15

«Ливерпуль» негізгі ойыншысымен келісімшартты ұзартады

20.04.2026 17:15

«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубпен келісімшартын ұзартуға жақын екенін айтты

«Клубпен сөйлестім. Келісімшартты ұзартуға өте жақынбыз. Біз осы бойынша жұмыс жасап жатырмыз және дұрыс жолдамыз деген ойдамын»,– деді Ибраима.

Конате Мерсисайд клубында қалу үшін Сауд Арабиясынан түскен майлы ұсыныстардан бас тартыпты. Сондай-ақ «Реалмен» келіссөз жүргізуін қараша айында тоқтатып тастаған.

26 жастағы француз ойыншысы «қызылдардың» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 46 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram