20.04.2026 22:15

АПЛ клубына бас бапкер тағайындалды

20.04.2026 22:15

Марко Розе «Борнмут» бас бапкері атанады

Қос тарап үш жылға жарамды келісімшартқа қол қойды және ол жаздан бастап күшіне енеді.

49 жастағы неміс маманы маусым соңында клубтан кететін Андони Ираоланың орнын басады.

Розенің соңғы клубы «Лейпциг» болып, одан былтыр наурыз айында кетті. Бұдан бөлек Марко Мёнхенгладбахтың және Дортмундтың «Боруссиясын», сондай-ақ «Зальцбургті» жаттықтырған.

33 турдан кейін 48 ұпай жинаған «шиелер» Ағылшын Премьер-лигасында сегізінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram