21.04.2026 11:53

«Реал» ойыншысы «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

21.04.2026 11:53

«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

The Telegraph хабарлауынша, оған «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. Манкуниандықтар Орельенді жазда командадан кететін Каземироның орнына алмақ.

26 жастағы француз ойыншысы Мадрид клубына 2022 жылы «Монакодан» 80 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 44 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram