21.04.2026 10:55

Модрич жылдың үздік ойыншысы атанды

21.04.2026 10:55

«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич Хорватияның 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

Оған жүлдені «Милан» базасында Хорватия құрамасы мен «россонеридің» бұрынғы қорғаушысы Дарио Шимич табыстады.

Осылайша Лука бұл аталым бойынша жалпы 14-рет және қатарынан оныншы мәрте топ жарды.

40 жастағы ойыншы «Миланға» өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram