21.04.2026 21:29
«Ливерпульді» келесі маусымда кім жаттықтыраны анықталды
21.04.2026 21:29
Арне Слот «Ливерпульде» қалады

Sky Sports хабарлауынша, ол келесі маусымда да қызметін жалғастыра береді. «Ливерпуль» нақты шешім қабылдап қойыпты. Хаби Алонсо келеді деген қауесет шындыққа жанаспайды.
47 жастағы Нидерланд маманы Мерсисайдтың клубын 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда былтыр Англия чемпионы атанды. Ал осы маусымда 33 турдан кейін 58 ұпай жинап Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.