21.04.2026 18:25
Родри қатардан шықты
21.04.2026 18:25
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жарақат алды

Ол Ағылшын Премьер-лигасының 33-турындағы «Арсеналға» (2:1) қарсы матчта шап тұсын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты ертең, 22 сәуір күні өтетін 34-турдағы «Бернлиге» қарсы матчқа қатыспайды. Оның орнына Нико Гонсалес ойнайды деп күтілуде. Ал Родридің қашан оралатыны нақты белгісіз.
Бұл Родридің осы маусымда алған бесінші жарақаты. Бұған дейін 107 күні емделуге кетіп, 22 матчтан тыс қалған. 29 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 31 матчқа қатысып, екі гол соқты.