22.04.2026 05:49
«Интер» Италия кубогының финалына шықты
22.04.2026 05:49
Италия кубогының жартылай финалында «Интер» өз алаңында «Комоны» тізе бүктірді

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Матч бастала сала Мартин Батурина мен Лукас Да Кунья гол соғып, «Комо» 48-минутта 2:0 есебімен жеңіп жатты. Бірақ одан кейін Хакан Чалханоглу дубль жасап, Петар Сучич 89-минутта жеңіс голын соқты.
Осылайша «нерадзурри» қос матчтың қорытындысы бойынша да 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Комода өткен алғашқы кездесу 0:0 болып аяқталған еді.
«Интердің» финалдағы қарсыласы «Лацио» – «Аталанта» (2:2) жұбының жеңімпазы болады.