22.04.2026 05:35
«Реал» сенімді жеңіске жетті
22.04.2026 05:35
Испания Ла Лигасының 33-турында «Реал» өз алаңында «Алавесті» тізе бүктірді

«Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор мергендік танытты. Ал «Алавестің» жұбаныш голын матч соңында Тони Мартинес соқты.
Осылайша 73-ұпайын олжалаған «бланкос» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 24 сәуір күні «Бетиске» қонаққа барады.