22.04.2026 08:41

«Ковентри» Чемпионшип чемпионы атанды

22.04.2026 08:41

«Ковентри Сити» Чемпионшиптің 44-турында «Портсмутты» 5:1 есебімен жеңді

Осылайша біріншіліктің аяқталуына екі тур қалғанда мезгілінен бұрын чемпион атанды. Бұл клуб тарихындағы алғашқы Чемпионшип трофейі болды.

Өткен турда команда 2000 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер-лигасына жолдама алып қойған еді.

«Ковентри Ситиді» 2024 жылдың қараша айынан бері «Челси» мен Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард жаттықтырып келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram