23.04.2026 01:57

«Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастады

23.04.2026 01:57

Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Бёрнлиді» 1:0 есебімен жеңді

«Терф Мур» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 5-минутта Эрлинг Холанд соқты.

Осылайша «қалалықтар» 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш бастады. Дәл сондай ұпайы бар «Арсенал» екінші орынға ығысты.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі турда 5 мамыр күні «Эвертонге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram