23.04.2026 11:27
Де Йонг рекорд жаңартты
23.04.2026 11:27
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг рекорд орнатты

Ол «Сельтаға» (1:0) қарсы Каталония клубындағы 293-матчына шықты. Осылайша «Барселона» сапында ең көп матч өткізген Нидерланд футболшысы атанып, 292 ойыны бар Филипп Кокудың рекордын жаңартты.
28 жастағы ойыншы «блауграна» сапына 2019 жылы «Аякстан» 86 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы маусымда ол 34 матчта бір гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.