07.10.2025 17:07
"Астана" ойыншысына еуропалық клуб көз тігіп отыр
07.10.2025 17:07
Vesti.kz-тің хабарлауынша, "Астананың" жартылай қорғаушысы Нұрәлі Жақсылықты Литваның "Кауно Жальгирис" клубы қатарына қосқысы келеді
Инсайдердің айтуынша, литвалық клуб биыл жазда "Астанаға" ойыншыны сатып алу үшін 50 мың еуро төлеуге дайын болған. Алайда клуб бұл бағаға келіспеді. Өйткені Жақсылықтың трансфер құны екі есе жоғары болған. Одан бөлек, 20 жастағы футболшыға Испаниядан да ұсыныс түскенімен, "Астана" мұны да кері қайтарған. Десе де Нұрәіл манабын Еуропада жалғастырғысы келеді.
Жалпы, жыл соңына қарай Жақсылықтың клубпен келісімшарты аяқталады. Сондықтан еркін агент ретінде командадан кетуіне болады. Бірақ "Астана" осы сценарийді болдырмау үшін тырысып жатыр. Олардың ойыншыны жібергісі жоқ.
Нұрәлінің позициясында клуб капитаны Марин Томасов өнер көрсететінін білеміз. Сол үшін ол көбірек ойнап әрі шетелден тәжірибе жинауды қалайды. Осы маусымда Нұрәлі Жақсылық чемпионатта 15 рет алаңға шығып, 3 гол соқты.