19.09.2025 21:25
«Астана» тартысты кездесуде «Тобылды» жеңді
19.09.2025 21:25
Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Астана» «Тобылды» тізе бүктірді
Қостанайда өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді. Матчтың есебін Ислам Чесноков 2-минутта ашты. Көзді ашып жұмғанша 6-минутта Марин Томасов жауап қайтарды. 34-минутта Эль-Мессауди пенальтиді сәтті орындады. Бірінші тайм түгесілер кезде 45+3-минутта Джеффри Чинеду таразы басын қайта теңестірді. Ал 90+1-минутта Томасов дубль авторы атанып, «Астанаға» маңызды жеңіс сыйлады.
Сондай-ақ 37-минутта Асхат Тағыберген тікелей қызыл қағаз алып алаңнан қуылып кетті.
Осылайша 23 ойында 50 ұпай жинаған елордалықтар турнир кестесінде көш бастады. Екінші орынға бір ойын кем өткізген «Қайрат» 49 ұпаймен жайғасқан. Ал еншісінде 44 ұпайы бар «Тобыл» үздік үштікті түйіндеп тұр.