15.09.2025 22:12

«Астананың» екі ойыншысы «Тобылға» қарсы ойында алаңға шықпайды

15.09.2025 22:12

Ян Вороговский мен Алекса Аманович «Тобылға» қарсы кездесуде алаңға шықпайды.

Қорғаушы Ян Вороговский «Елімайға» қарсы ойында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Алекса Амановичқа да төреші сары қағаз көрсетті. Осылайша, ойыншы чемпионат бойы төрт сары қағаз алған соң, автоматты түрде келесі матчқа қатыспайды. Бұған дейін «Ұлытаумен», «Қызылжармен» және «Оқжетпеспен» өткен кездесуде ескерту алған еді.

«Астананың» сақа ойыншысы Вороговский биыл чемпионатта 15 кездесу өткізді. Македониялық Аманович 21 матчта алаңға шықты.

Ал «Тобыл» мен «Астана» арасындағы ойын 19 қыркүйек күні өтеді.

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram