14.09.2025 20:56
«Астана» маңызды ойында ұпай жоғалтты
14.09.2025 20:56
Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Астана» «Елімаймен» тең тарқасты
«Астана Аренада» өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Елордалықтар сапында Назми Грипши дубль жасаса, Алекса Аманович бір гол соқты. Ал семейліктердің үш добын Кевин Ролон, Ғалымжан Кенжебек және Иван Свиридов қақпаға енгізді.
Сондай-ақ 87 және 90+1-минуттарда сары қағаз алған Ян Вороговский ойыннан қуылып кетті.
Осылайша «Астана» көш басындағы орнынан айырылып қалды. Бірінші орындағы «Қайратпен» арасын екі ұпай бөліп тұр. Ал 39-ұпайын еншілеген Андрей Карпович шәкірттері бесінші сатыға жайғасты.