14.09.2025 18:59

«Қайрат» Чемпиондар лигасы қарсаңында маңызды жеңіске жетті

14.09.2025 18:59

Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді

Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 52-минутта Дастан Сәтпаев Еркін Тапаловтың пасынан кейін соқты.

Осылайша алматылық ұжым 49-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінің көш басында қала береді. Ал еншісінде 39 ұпайы бар ақтөбеліктер 4-орынға жайғасқан.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттерін енді Лиссабон қаласына маңызды сапар күтіп тұр. Чемпиондар лигасының 1-туры аясында «Спортингке» қонаққа барады. Аталған матч 18 қыркүйекке белгіленген.

Еске салудан жалықпаймыз, «Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтикті» қапы қалдырып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алған еді.

«Сары-қаралар» жалпы кезеңде «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» сынды командалармен шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram