10.09.2025 22:02
«Қайрат» – «Ақтөбе» матчының барлық билеті сатылып кетті
10.09.2025 22:02
Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Қайрат» пен «Ақтөбе» өзара күш сынасады
Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін матчта ине шаншар орын болмайын деп тұр. Себебі, матчтың барлық билеті түгел сатылып кетті.
Турдың басты кездесуі 14 қыркүйек күні, сағат 17:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, турнир кестесінде 46 ұпай жинаған «сары-қаралар» екінші орында келеді. Ал еншісінде 39 ұпайы бар ақтөбеліктер төртінші сатыға жайғасқан.