28.09.2025 17:10
«Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді
28.09.2025 17:10
Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» «Оқжетпестен» басым түсті
Көкшетауда өткен ойында 1:2 есебі тіркелді. Елорда клубының сапында Назми Грипши пенальтиден дубль жасады. Сондай-ақ қақпашы Йосип Чондрич автогол авторы атанды.
Осылайша 24 матчтан кейін 53 ұпай жинаған «Астана» көш басына шықты. Алайда бір ойын кем өткізген «Қайраттың» еншісінде 52 ұпай бар.
Григорий Бабаян шәкірттері келесі турда өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.