16.09.2025 11:35

Альварес «Ливерпульге» қарсы ойнамауы мүмкін

16.09.2025 11:35

«Атлетико» дүлдүлі Хулиан Альварес «Ливерпульге» қарсы ойынға қатыспауы мүмкін

Аргентиналық шабуылшы «Вильярреалға» (2:0) қарсы ойында тізесін зақымдап алған болатын.

El Chiringuito мәліметінше, Альварес осыған байланысты «Ливерпульмен» ойында алаңға шықпайды екен.

Чемпиондар лигасының 1-туры аясында өтетін «Ливерпуль» — «Атлетико» кездесуі ертең, 17 қыркүйек сағат 00:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram