12.09.2025 09:59
«Атлетико» вингері қатардан шықты
12.09.2025 09:59
«Атлетико» ойыншысы Тьяго Альмада жарақат алды
24 жастағы вингер Аргентина құрамасы сапында бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты, кемі 3-4 апта бойы командасына көмектесе алмайды екен.
Мадридтік клуб Альмаданы өткен жазда «Ботафогодан» 21 миллион еуроға сатып алған болатын. Осы аралықта футболшы Ла Лигада үш матч өткізіп үлгерді. Алайда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.
Испания Примерасының үш турынан кейін екі ұпай жинаған Диего Симеоне шәкірттері турнир кестесінің 17-сатысында келеді.