21.09.2025 16:39
«Алтын доп» иегері белгілі болды
21.09.2025 16:39
Ламин Ямаль «Алтын доп» табыстау кешіне отбасының 20 мүшесін ертіп әкеледі
Mundo Deportivo мәліметінше, «Барселона» вингері жүлдені иеленген жағдайда Парижде отбасымен бірге сауық-кешін ұйымдастырып, жеңісін атап өтеді екен.
18 жастағы испаниялық футболшы өткен маусымда 55 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.
«Алтын доп» табыстау рәсімі ертең, 22 қыркүйек күні өтеді. 2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады. Былтыр басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.