20.09.2025 17:59
Алтын Доп 2025 кім алады? Рафинья ма, Ямал ма?
20.09.2025 17:59
22 қыркүйекте Франция астанасында маусымының үздік футболшысы анықталады. Париж қаласындағы Шаттл театрында Алтын Доп 2025 жүлдесі кімге табысталады? Дәл қазір жеңіске жетуге өзгелерден жақын тұрған үміткер – Осман Дембеле. Оның басты қарсыластары: Ламин Ямал, Рафинья және Мұхамед Салах
«Соққы және гол!» ұжымы Алтын Доп иегері кім боларын болжады. Болжам жасауға Қазақстанның үздік 50 спорт журналисі атсалысты. Әр журналист FIFA ұсынған 30 мықты футболшы ішінен ТОП 10 тізімін жасады.
Журналистердің тізімі аты-жөндеріне байланысты алфавит реті бойынша көрсетілген.
Дауыс берушілер тізіміне Қазақстанның белді спорт журналистері, әсіресе, футболды үзбей тамашалайтын мамандар енді.
Сарапшылардың 10-шы орынға қойған футболшысы біздің рейтингімізде 1 ұпай алды. 9-шы орын алған футболшыға - 2 ұпай, 8 - 3, 7 - 4, 6 - 5, 5 - 7, 4 орын алған футбошыға 8 ұпай қосылды.
3-ші орын үшін 10 ұпай, 2 орын алған футболшыға 12 ұпай берілді.
Ал үздік футболшының қоржынына 15 ұпай түсті.
Жалпы ұпай қорытындысы бойынша ТОП 10 қалай шыққанын «Соққы және гол!» арнасындағы видеодан көре аласыздар.
Алтын Доптан үміткерлер: Осман Дембеле, Джанлуиджи Доннарумма, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Фабиан Руис, Нуну Мендеш, Жоау Невеш, Витинья, Хвича Кварацхелия («ПСЖ»), Джуд Беллингем, Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор («Реал»), Роберт Левандовски, Педри, Рафинья Диас, Ламин Ямаль («Барселона»), Вирджил ван Дейк, Мұхамед Салах, Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Лаутаро Мартинес, Дензел Думфрис («Интер»), Майкл Олисе, Харри Кейн («Бавария»), Серу Гирасси («Боруссия» Дортмунд), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Виктор Дьокереш («Арсенал»/«Спортинг»), Скотт Мактоминей («Наполи»), Коул Палмер («Челси»), Деклан Райс («Арсенал»), Флориан Виртц («Ливерпуль»/«Байер»).
Ал қай журналист қалай дауыс бергенін мына тізімде көрсеттік:
Дауыс берген 50 журналистің 31-і көш басына Осман Дембелені қойды. Ал Sport Plus телеарнасының комментаторы, айтыскер ақын Бек Шымат Дембелені 10-шы орынға түсіріп тастады.
Дембеле жеңіске жетсе, Алтын Доптың қадірі кетеді. Маусымның тең жартысын сәтсіз өткізген франциялық футболшы бұл мадаққа лайық емес! – деді Бек Шымат.
Qazsport телеарнасының комментаторы Ерсін Ерік Джанлуиджи Доннаруманың өнерін ерекше бағалады. Ал аға әріптесі Жандос Байділда Педриге лайықты құрмет көрсетті.
«Спорт Шредингера» арнасының жүргізушісі Петр Воликовтің тізімінде Дензел Дюмфриске орын табылды. Елдар Аманбаев болса, Харри Кейннің голдарын ерекше бағалады.
Q Sport телеарнасының бас редакторы Ержан Көшкінбаев Ашраф Хакимидің ойынына тәнті болды. Ал блогер Қасымжан Мұқатаев Лаутаро Мартинеске 1 ұпайын сыйлады.
Журналист, AS News сайтының негізін қалаушы Ербол Қайыров Килиан Мбаппені маусымның үздік футболшы деп есептейді. Ал «Бірінші Бол» арнасының жүргізушісі Олжас Байбосын Ламин Ямалдан мықты футболшыны таба алмады.
Ламин Ямал алмаса, Алтын Допты жаба салыңдар. Ұйымдастырушыларын жазалау керек! - деді Олжас Байбосын.
Белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен мен танымал блогер Артур Асқарұлы жеңімпазды таңдағанда бір ойлы болды.
Қазақстан Ұлттық құрамасының аға бапкері Елдос Ахметов Хвича Кварацхелияны үздіктер қатарына қосты. Setanta Sport комментаторлары Шалқар Естен мен Руслан Бақытжанның пікірлері бөлек шықты.
Ал арна жүргізушілері Әлімжан Асқар мен Бексұлтан Кеулімқостың ТОП 10 футболшысы осындай:
Дауыс берген әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Кімнің рейтингісі әділ шықты? Көріңіздер:
Видеоның тамашалап, арнамызға тіркеліңіздер. soqqy.kz сайтында тағы жаңалық оқыңыз.