20.09.2025 19:00
«Алтын допты» табыстайтын тұлға белгілі болды
20.09.2025 19:00
2025 жылғы «Алтын доп» марапатын табыстау құрметі Бразилия футболы мен «Барселонаның» даңқты ойыншысы Роналдиньоға тапсырылды
COPE мәліметінше, 2005 жылғы «Алтын доп» иегері дәл 20 жылдан кейін жүлдені жеңімпазға өз қолымен береді.
Өткен жылы марапатты «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родриге 1995 жылғы жеңімпаз Джордж Веа ұсынған еді.
Салтанатты рәсім 22 қыркүйек, дүйсенбі күні Париждегі Шатле театрында өтеді.