13.01.2026 18:09
Жоау Канселу «Барселона» ойыншысы атанды
13.01.2026 18:09
Жоау Канселу «Барселона» ойыншысы атанды

Каталонияның клубы 31 жастағы португалиялық қорғаушыны «Әл-Хиләлден» маусым соңына дейін жалға алды. Жоау «блауграна» сапында 2-нөмірмен ойнайтын болды.
Канселу «Барселона» намысын осыған дейін 2023/24 жылғы маусымда қорғаған еді. Ал осы маусымда алты матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.