13.01.2026 15:51
«Ливерпуль» ойыншысы клубтан кетуі мүмкін
13.01.2026 15:51
«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубтан кетуі мүмкін

26 жастағы француздың Мерсисайд клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Ал Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, қос тарап оны ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Қазіргі таңда Ибраимаға «Реал» мен «Барселона» көз тігіп отыр екен.
Конате «Ливерпульге» 2021 жылы «Лейпцигтен» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 29 матчқа қатысып, бір гол соқты.