13.01.2026 12:36
Канте Еуропаға оралуы мүмкін
13.01.2026 12:36
«Әл-Иттихад» пен Франция құрамасының тұтқауылы Н'голо Канте мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 34 жастағы футболшыға «Фенербахче» көз тігіп отыр. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Канте «Әл-Иттихадқа» 2023 жылы «Челсиден» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 21 матчқа қатысып, бір гол соқты.