13.01.2026 15:15

«Манчестер Юнайтедке» жаңа бапкер тағайындалды

13.01.2026 15:15

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтед» бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне тағайындалады

Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап кеше ауызша сөз байласып қойған екен. 44 жастағы маман манкуниандықтарды маусым соңына дейін тізгіндейді. «Манчестер Юнайтед» бұл жаңалықты жақында ресми түрде хабарлайды.

Кэррик Рубен Аморим кеткеннен кейін команданы уақытша жаттықтырған Даррен Флетчердің орнын басады.

Айта кетейік, 21 турдан кейін 32 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Ағылшын Премьер-лигасында жетінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram