13.01.2026 16:09
Фабиан Руис ПСЖ-мен келісімшартын ұзартады
13.01.2026 16:09
Фабиан Руис ПСЖ-да қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Қазір келіссөз аяқталып, құжаттар әзірленіп жатыр екен.
Руис Түркия клубтарынан түскен ұсыныстарға қарамастан Парижде ойнауын жалғастырады.
29 жастағы испан жартылай қорғаушысы ПСЖ-ға 2022 жылы «Наполиден» 23 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында күшін жояды.