26.10.2025 14:28
Жоан Лапорта: «Реалды» жеңетінімізге сенімдімін
26.10.2025 14:28
«Барселона» президенті Жоан Лапорта алдағы эль-класикоға қатысты пікір білдірді

— Біз «Реалды» жеңеміз. Мен оған сенімдімін. Кеше футболшыларға кіріп шықтым. Бәрі сақадай сай, құлшынып тұр. Бүгін олар мені қуантады,– деді Лапорта.
Айта кетейік, бүгін 26 қазанда Мадридте «Реал» мен «Барселона» күш сынасады. Ла Лиганың 10-турында өтетін Эль-Класиконы Setanta Sports 2 арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.