26.10.2025 12:45

Рональд Араухо: Винисиуске қарсы ойнаған ұнайды

26.10.2025 12:45

«Барселона» қорғаушысы Рональд Араухо «Реал» вингері Винисиус Жуниор жайлы сөз қозғады

— «Винисиус – ғаламат футболшы. Алаңда адам сенгісіз нәрсе жасай алалы. Оған қарсы ойнағанымда әрқашан барымды саламын.

Маған Винисиус сынды футболшылармен текетіресу ұнайды. Оларды тұсап ұстау үшін біраз тер төгуге тура келеді,– уругвайлық футболшы.

Айта кетейік, бүгін 26 қазанда Мадридте «Реал» мен «Барселона» күш сынасады. Ла Лиганың 10-турында өтетін Эль-Класиконы Setanta Sports 2 арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram