26.10.2025 10:35

Бүгін Эль-Класико өтеді

26.10.2025 10:35

Бүгін, 26 қазан Ла Лиганың 10-турында «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды

Бұл тарихтағы 262-ші ресми Эль-Класико болмақ. Осыған дейін «Барселона» 104 рет жеңіске жетсе, «Реал» 105 ойында басым түскен. Қалған 52 матчта тең нәтиже тіркелген.

Осы аралықта жалпы 875 гол соғылыпты. Оның 440-ын «бланкос», ал 435-ін «блауграна» өз есебіне жазған.

Каталония клубы бітіспес қарсыласын бес матч қатарынан тізе бүктіріп келеді. Ал мамырда өткен соңғы текетіресте 4:3 есебі тіркелді.

Тағатсыздана күтіп отырған матчымыз сағат 20:15-те басталады. Басты ойынды Setanta Sports 2 арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram