25.10.2025 18:42
Эль-Класикоға қатысатын «Реал» ойыншылары белгілі болды
25.10.2025 18:42
«Реал» Ла Лиганың 10-туры аясындағы «Барселонаға» қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Серхио Местре;
Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Эдер Милитао, Трент Александер-Арнолд, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Ферлан Менди, Дин Хёйсен;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гүлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Маусымдағы алғашқы Эль-Класико ертең, 26 қазан күні Мадридте өтеді. Матч сағат 20:15-те басталады.
