25.10.2025 12:55

Иван Ракитич Эль-Класикоға болжам жасады

25.10.2025 12:55

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Иван Ракитич алдағы Эль-Класикоға қатысты ой бөлісті

– Әрине, бұл матчта «Барселонаға» жанкүйер боламын. Бірақ голға бай, жарқын футбол көрсек екен деймін. Қос команда да кіл жұлдыздардан жасақталған. Болжам айту керек болса, «Барса» 3:2 есебімен жеңіске жетеді,– деді Ракитич.

Еске салсақ, Ракитич «Барселона» намысын 2014-2020 жылдар аралығында қорғаған еді.

Ал маусымдағы алғашқы Эль-Класико ертең, 26 қазан күні Мадридте өтеді. Ла Лиганың 10-туры аясындағы ойын сағат 20:15-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram