24.10.2025 21:06
Рафинья тағы бір ай ойнамайды
24.10.2025 21:06
«Барселона» дүлдүлі Рафиньяның жағдайы белгілі болды

The Athletic басылымының хабарлауынша, бразилиялық ойыншының бұлшық еті қайта сыр берді.
Соның салдарынан тағы бір айдай командасына көмектесе алмайды екен. Нақтырақ айтсақ, Ла Лигадағы «Реал», «Эльче», «Сельта» және Чемпиондар лигасындағы «Брюггеге» қарсы ойынға қатыспайды.
Рафинья бұған дейін дәл осы жарақатына байланысты соңғы бес матчтан тыс қалған еді.