24.10.2025 16:56

Рафинья Эль-Класикоға қатыспайды

24.10.2025 16:56

«Барселона» дүлдүлі Рафинья «Реалға» қарсы ойнамайды

Бразилиялық шабуылшы бір ай бұрын алған жарақатынан енді ғана айығып келе жатқан еді. Алайда өзін жайсыз сезінгендіктен, бүгінгі топтық жаттығуға қатыспаған екен.

Осыған байланысты алдағы матчта алаңға шықпайды деп күтілуде.

Ла Лиганың 11-туры аясында өтетін маусымдағы алғашқы Эль-Класико осы жексенбіде өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram