26.09.2025 22:58
Алтын доп – 2025: Рафиньяны ешбір журналист 1-орынға қоймаған
26.09.2025 22:58
«Алтын доп» иегерін анықтау үшін FIFA рейтингісіндегі үздік 100 елдің журналисттері дауыс берді
Бір қызығы, осы 100 маманның ешқайсысы «Барселона» дүлдүлі Рафиньяны бірінші орынға қоймапты.
Бірінші орынға ең көп қойылған футболшылар:
Осман Дембеле – 73
Ламин Ямаль – 11
Витинья – 6
Мұхамед Салах – 4
Ашраф Хакими – 3
Килиан Мбаппе – 1
Хвича Кварацхелия – 1
Скотт Мактоминей – 1.
Рафинья өткен маусымда өткізген 57 ойында 34 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Бұған қоса Ла Лига, Испания Кубогы және Суперкубогын жеңіп алып, Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды.