23.09.2025 15:31
France Football: Дембеле «Алтын допты» айқын басымдықпен жеңді
23.09.2025 15:31
France Football журналының бас редакторы Венсан Гарсия 2025 жылғы «Алтын доп» иегері Осман Дембелеге қатысты пікір білдірді
— «Дембеле жүлдені айқын басымдықпен жеңді. Осман бұған әбден лайық болды. Дауыстың басым көпшілігі Дембелеге берілді»,– деді Гарсия.
Айта кетейік, 2025 жылғы «Алтын допты» Дембеле жеңіп алған еді. Сондай-ақ, дауыс беру нәтижесінде Ламин Ямаль («Барселона») екінші орынға жайғасса, Витинья (ПСЖ) үздік үштікті түйіндеді.