23.09.2025 08:41
Франция «Алтын доп» жеңуден рекорд қайталады
23.09.2025 08:41
ПСЖ ойыншысы Осман Дембеле 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанды
Бұл – Франция қоржынына түскен сегізінші жүлде болды. Бұған дейін Раймон Копа, Жан-Пьеру Папен, Мишель Платини (үш мәрте), Зинедин Зидан және Кәрім Бензема маусымның ең үздік ойыншысы атанған.
Осылайша Франция «Алтын доп» саны бойынша Аргентинамен теңесті. Аргентина қанжығасындағы барлық сегіз жүлдені де Лионель Месси жеңген.
Сондай-ақ Германия, Нидерланд және Португалияның еншісінде жеті жүлдеден бар.