15.09.2025 08:56

Рафинья мен Левандовски рекорд орнатты

15.09.2025 08:56

Түнеугүні «Барселона» Ла Лиганың 4-туры аясында «Валенсияны» (6:0) ойсырата жеңді

Рафинья мен Левандовски дубль авторы атанды. Бразилиялық вингер үзіліс кезінде Руни Бардагджиді алмастырса, польшалық шабуылшы 68-минутта Ферран Торрестің орнына шықты.

Осылайша XXI ғасырда алғаш рет Ла Лигада қосалқы құрамнан шыққан екі ойыншы бір матчта дубль жасады.

Сонымен қатар, Фермин Лопес те бұл ойында екі гол соқты. Бірақ испаниялық жартылай қорғаушы ойынды бірінші минуттан бастады.

Испания біріншілігінің төрт турынан кейін 10 ұпай жинаған Ханси Флик шәкірттері турнир кестесінің 2-сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram