25.10.2025 12:26
«Ливерпуль» «Реалдың» екі ойыншысына көз тікті
25.10.2025 12:26
«Ливерпульдің» назары «Реал» ойыншыларына ауды

Defenca Central мәліметінше, Мерсисайд клубы Орельен Тчуамени мен Эдуардо Камавингаға қызығушылық танытып отыр.
Осыған байланысты «Ливерпуль» скауттарына алдағы Эль-Класикоға барып, қос жартылай қорғаушының ойынын бақылау туралы тапсырма беріпті.
«Реал» мен «Барселона» арасындағы кездесу ертең, 26 қазанға жоспарланған. Мадридте өтетін кездесу сағат 20:15-те басталады.
Ал «Ливерпуль» бүгін 00:00-де АПЛ-дың 9-туры аясында «Брентфордпен» шеберлік байқасады.