25.10.2025 11:46
Месси рекорд орнатты
25.10.2025 11:46
«Интер» Майами MLS 1/8 финалының алғашқы ойынында өз алаңында «Нэшвиллды» 3:1 есебімен жеңді

Бұл ойында Лионель Месси дубль жасап, 2025 жылы соққан голдар санын 39-ға жеткізді.
Осылайша 38 голмен шектелген Карлос Вела және Денис Буанганы артқа тастап, бір жылда ең көп гол соққан MLS ойыншысы атанды.
Айта кетейік, «Интер» Майами мен «Нэшвилл» арасындағы қарымта кездесу 2 қараша күні өтеді.