21.09.2025 09:15
Лионель Месси дубль жасады
21.09.2025 09:15
«Интер Майами» MLS аясындағы «ДС Юнайтедке» қарсы матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойында Лионель Месси дубль жасап, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша осы маусымдағы голдарының санын 22-ге жеткізіп, сұрмергендер тізімінде көш бастады. Сондай-ақ 13 нәтижелі пас берген.
Ал «Интер Майами» 52 ұпай жинап, турнир кестесінің бесінші сатысына жайғасты. Бірінші орында «Филадельфия» (60 ұпай) тұр.