20.09.2025 23:46

«Манчестер Юнайтед» «Челсиді» тізе бүктірді

20.09.2025 23:46

Ағылшын Премьер-лигасының 5-туры аясында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Челсиді» 2:1 есебімен жеңді

Манкуниандықтар сапында Бруно Фернандеш пен Каземиро қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ал лондондықтардың жалғыз голын Трево Чалоба соқты.

Сондай-ақ матчтың бесінші минутында «Челси» қақпашысы Роберт Санчес қызыл қағаз алса, араға 45 минут салып «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземиро да алаңнан қуылды.

Осылайша бес ойыннан кейін жеті ұпай жинаған «қызыл сойқандар» турнир кестесінің 9-сатысына жайғасты. Ал еншісінде сегіз ұпайы бар Энцо Мареска шәкірттері 6-шы орында келеді.

Келесі турда МЮ «Брентфорпен» түзде ойнайды. Ал «ақсүйектер» өз алаңында «Брайтонмен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram