30.08.2025 21:24
«Манчестер Юнайтед» алғашқы жеңісін тойлады
30.08.2025 21:24
Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында «Манчестер Юнайтед» «Бернлиді» тізе бүктірді
«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы алғашқы голды «Бернли» футболшысы Джош Каллен өз қақпасына соқты. 55-минутта Лоан Фостер таразы басын теңестірді. Араға екі минут салып Бриан Мбеумо алаң иелерін алға шығарды. Алайда, Джейдон Ентони гол соғып, ойынның соңына дейін интриганы сақтады. Ақыры аяғында, 90+7-минутта Бруну Фернандеш пенальтилді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Бұл – «Манчестер Юнайтедтің» биылғы АПЛ маусымындағы алғашқы жеңісі. Осыған дейін «Арсеналға» (0:1) жол беріп, «Фулхэммен» (1:1) ұпай бөліскен еді.
Енді Рубен Аморим шәкірттері келесі турда бітіспес қарсыласы «Манчестер Ситиге» қонаққа барады. Манчестерлік дерби 14 қыркүйекке жоспарланған.