06.09.2025 16:49

Брайан Мбеумо «Манчестер Юнайтедтің» үздік ойыншысы атанды

06.09.2025 16:49

Брайан Мбеумо «Манчестер Юнайтедтің» тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды

Камерундық вингер дауыс беру нәтижесінде қос қорғаушы Маттейс де Лигт пен Лени Йороны артта қалдырды.

Мбеумо манкуниандықтар сапына осы жазда «Брентфордтан» 75 миллион еуроға ауысып келген болатын. Осы аралықта АПЛ-де үш матч өткізіп, бір гол соқты.

Ағылшын Премьер-лигасының үш турынан кейін төрт ұпай жинаған Рубен Аморим шәкірттері турнир кестесінің 9-сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram