01.09.2025 16:48
Сенне Ламенс «Манчестер Юнайтедке» ауысады
01.09.2025 16:48
«Антверпен» қақпашысы Сенне Ламенс «Манчестер Юнайтедке» ауысады
Фабрицио Романоның мәліметінше, манкуниандықтар бельгиялық қақпашыны бонустармен қоса есептегенде 21 миллион еуроға сатып алмақ.
Қос тарап жақында 2030 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
Ал Эмилиано Мартинеспен «МЮ» арасындағы келіссөз тоқтатылды. Аргентиналық қақпашы қазір «Галатасарай» өкілдерімен байланысып жатыр.
Ламменс «Антверпен» намысын 2023 жылдың шілде айынан бері қорғаған еді. Осы аралықта жалпы 64 кездесу өткізіп, 12 матчта қақпасына гол жібермеді.